А.Н.Островский атындағы драма театры Қазақстандағы ең көне театрларының бірі болып болып саналады.
Театрдың құрылу тарихы 1859 жылдан басталады. Театр Орал казак әскерінің жазалаушы атаманы Аркадий Дмитриевич Столыпиннің бастамасымен құрылды. 1859 жылдың қыркүйегінде А.Н.Островскийдің «Бедность не порок» атты пьесасымен театрдың ашылуы болды. Театр труппасының құрамы әуесқой артисттерден құралған болатын, кейін көршілес Орынбор және Саратов қалаларынан кәсіби артисттер шақырылды. Осы сәттен бастап Орал қаласында «Орал драма театры» жұмыс істей бастады. Сол маусымда А. Н.Островскийдің «Поздняя любовь» атты тағы бір пьесасы қойылды.
Театр өзінің шығармашылық қызметінің алғашқы қадамдарынан бастап қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленді. Театр сахнасында қойылған пьесаларға залдар толып, үнемі сәтті өтті. Кейбір қойылымдарды сол кезде қаладан тыс жерде танымал болған казак симфониялық оркестрі сүйемелдеді. XIX ғасырдың 60-шы жылдары «Кетти и Бетти» опереттасы қойылады. Атаман А.Д.Столыпин және ұлы орыс композиторы А.С.Даргомыжский тығыз ынтымақтастықта жұмыстанып, спектакльге керемет музыка жазады. Сол кездегі репертуардың негізін бір актілі комедиялар мен водевиль құрады. Труппа дами түсті, театр репертуары негізінен А. Н.Островскийдің пьесаларынан болып, автордың шығармалары сахнаға жиі қойылды.
А.Н.Островский Орал театрының қалыптаса бастауымен жақсы таныс болды. Театр қызметін бастаған алғашқы жылдарында ол Орал қаласының жазушысы, ұлы драматург И.И. Железновпен танысып, кейін дос болып, жиі қонақта болған. Әйгілі жазушы драматургты өз қаласының мәдени өмірімен таныстырды. И. Железновтың қайғылы өлімінен кейін А.Островский ол туралы мақала жазуға ниет білдіргенмен, жазған жоқ, бірақ оның пікірлері замандастарының естеліктерінде қалды.
Театр құрылғанынан екі онжылдық өткен соң ғана кәсіби театр болды. Қалыптасуына қолдау білдіргендер жеке кәсіпкерлер болды. Олар театрға режиссерлер мен артисттерді шақырды. Жылдар өте келе, тұрақты труппа да қалыптасады. Труппа негізінен Мәскеудегі Театр бюросы арқылы толықтырылды. Театрға сол кездегі көрнекті актерлер, орыс реалистік актерлік мектебінің ең жақсы, озық театр дәстүрлерінің жалғастырушылары М.С.Щепкин мен М.Н. Ермолова жиі шақырылды.
1889 жылы ағаш театрдың орнына көпес Фирс Иванович Макаров жаңа кірпіш ғимарат тұрғызды. Театр репертуары белгілі авторлардың пьесаларынан тұрады: Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермонтов, А.К.Толстой, А.П.Чехов, Н.В.Гоголь, У.Шекспир, Ф.Шиллер, Г.Ибсен, Г.Гауптман, сирек орындалатын А.Н. Островскийдің «Козьма Захарьич и Минин — Сухорук», «Дмитрий Самозванец и Василий Шуйский» пьесалары, сонымен қатар сол кездегі заманауи драматургтердің пьесалары: Сумбатова-Южина, В.Немирович — Данченко, Л. Андреев, М. Горький және басқалар.
Әр жылдары Орал қаласына гастрольге театрлық драма және музыкалық ұжымдар келген. Бірақ жергілікті театр труппасы әрдайым сұранысқа ие болды. Өйткені, труппаның өзгелерге ұқсамайтын өзіндік даму жоспарлары болатын. Мәселен, репертуарды таңдаудың бір түрі -сауалнама парақтары болды. Олар театр фойесіне ілінді. Көрермендер оларға театр сахнасында көргісі келетін пьесалардың аттарын енгізді. Осы сауалнама парақтарының негізінде, яғни халық қызығушылығы тудырған туындыларды жұмысқа алып, режиссура бөлімі театрдың репертуарын жасады.
А.Н.Островскийдің драматургиясы Орал кәсіби театрының дамуында шешуші роль атқарды. XIX ғасырдың барлық жылдарында театр репертуарының негізінде оның пьесалары болды. Оларды әрдайым Орал көрермендері жақсы көрді және оның бірнеше пьесалары қойылмайтындай маусым өтпеді. Егер Біз Орал театрының сахнасында қойылған Островскийдің пьесаларын тізімдейтін болсақ, онда ұлы орыс драматургі жазған барлық туындыны келтіруге тура келеді. Мүмкін, бұл Островскийді барлық басқа драматургтерден артық көретін бірнеше театрлардың бірі шығар. Мысалы, 1899 жылдың маусымында оралдықтар оның жеті пьесасын тамашалады. Орал театры құрылуының жүз жылдығында театрдың белгілі драматург А.Н.Островскийдің есімін алғаны кездейсоқ емес. Оны Мәскеудегі Кіші театрдан кейін Островскийдің үйі деп атауға болады. Театр қызметінде қаншама көркемдік бағыт болғанмен, театрдың ашылу, жабылу маусымдарында әрқашан А. Н. Островский пьесаларынан қойылым қойылды. Кейіннен бұл жақсы дәстүрге айналды.
Театр қаланың мәдени өмірінде үлкен маңызға ие болды. Театрдың қала өміріндегі мәдениетті дамуытудағы ролін Оралда басылып шыққан барлық газеттер үнемі атап өтетін, Басылымдар жарнамалар мен спектакльдер туралы есептерді жүйелі түрде басып шығарды. Театр өз көрермендерін үлкен классикалық орыс әдебиетімен таныстырды, Батыстың ең көрнекті әдеби шығармаларымен таныстырды. Орал көрермендері А. С. Пушкиннің «Станционный смотритель», В. Гогольдің «Ревизор» және «Женитьба», Л.Н.Толстойдың «Плоды просвещения», «Воскресенье», М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад», И.С. Тургеневтің «Дворянское гнездо», Ф.М.Достоевскийдің «Идиот» т.б. көптеген классиктердің туындыларын сахнадан көрді.
Оралдықтардың жергілікті театрға сүйіспеншілігі ерекше болатын. 1914 жылдың мамыр айында Пушкин жазғы театрының салтанатты ашылуы өтті. Ауыр соғыс уақытына қарамастан, ол 1915 ж. театр маусымында және одан кейінгі жылдары жұмыс істеді. Қаланың театр өнерін жоғары бағалайтындығын жергілікті газеттер мақалалары дәлелдейді. Әр премьера жергілікті басылым беттерінде оң баға алып жатты, театрда барлық премьера аншлагпен өтетін.
Азамат соғысы кезінде, Орал ақ гвардияшыл әскерлерінен азат етілгеннен кейін, театр сахнасында А.А.Вадимов басқаратын 25-ші Чапаев дивизиясының драмалық ұжымы өнер көрсетті. Қаланың 80 күндік қаһармандық қорғаныс күндерінде театрда күн сайын қойылымдар өткізіліп, Қызыл армия жауынгерлеріне Лопе де Веганың «Овечий источник», Ф.Шиллердің «Разбойники», «Коварство и любовь» атты қойылымдары көрсетілді. Өлкедегі азаматтық соғыс ұзаққа созылды және жойқын болды. Соғыс кезінде театр ғимараты да зардап шекті. Ол артиллериялық снарядтардың тікелей соққыларына ие болды. Соғыстан кейін көп ұзамай театр ғимараты жөнделіп, бірінен соң бірі қойылымдар қоя бастады.
1923 жылы Оралда тұрақты труппа ұйымдастырылды. Театр спектакльдерінің ішінде «Сын полка» В.Катаев, «За тех, кто в море!» Б.Лавренев, А.Корнейчуктың «Платон Кречет», И. Кремлевтің «Крепость на волге» атты тамаша қойылымдары сахналанды. Театр В.И. Лениннің образын сомдайтын спектакльдер қояды: К.Треневтің «На берегу Невы», «Человек с ружьем», «Кремлевские курнты» (Лениннің ролін ҚазССР халық артисі Н.К.Ангаров сомдайды), Н. Погодиннің «Третья пластическая» (Лениннің ролін А.Н.Титков ойнайды), И.Поповтың «Семья», И. Кремлевтің «Покушение», жергілікті автор В. Генкенің «80 дней».
Театр ғимараты әбден тозып, 1929 жылы бұзыла бастаған уақытта, Александр Невскийдің соборында өз қойылымдарын қоя бастады. Кәсіби Орал театрының қалыптасуына актриса және кәсіпкер А.Г.Соколова үлкен үлес қосты. 1933 жылы 31 желтоқсанда жаңа маусым дәстүр бойынша А.Н.Островскийдің «Без вины виноватые» спектаклімен ашылды.
Көп ұзамай Александр Невский соборы өртенді. Қазіргі театр ғимараты 1940 жылы бұрынғы «Пушкин Үйінің» орнына тұрғызылған және Оралдағы ең әдемі тарихи ескерткіштердің бірі болып табылады.
Ұлы Отан соғысы кезінде театрда КСРО аумағынан эвакуацияланған театрлардың труппалары жұмыс істеді, оларда соғыс қимылдары жүрді — Беларусь драма театры және Карело-фин оперетта театры. Тек 1945 жылдың наурыз айында Орал қайтадан өзінің драма театрының қарамағына өтеді, ол көп ұзамай Қазақстанның Халық артисі, кейін Қырғызстанның Халық артисі болған көрнекті театр қайраткері Николай Константинович Ангаровтың басшылығымен үлкен танымалдылыққа ие болады. Бас режиссер және суретші Николай Федорович Лукин де театрға көп еңбек сіңірді.
Кеңестік және шетелдік драматургиямен қатар репертуарда отандық классика көрнекті орын алады. Театр қала мен облыс көрермендерін қазақ драматургиясымен таныстырады — Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Ботагөз», С. Жүнісовтің «Өлімнен де күшті» және т.б. пьесалары қойылады. Театр сахнасында Н.В. Гогольдің «Ревизор», А.П.Чеховтың «Вишневый сад», М.Горькийдің «Варвары», А.Н.Островскийдің «Поздняя любовь» және А.Н.Островскийдің «Без вины виноватые», Лопе де Веганың «Собака на сене», Ж. Б. Молиердің «Тартюф» классикалық репертуарының қойылымдары ұсынылды.
Соғыстан кейінгі жылдары әскери тақырып белсенді көтеріліп А.Фадеевтің «Молодая гвардия», В Катаевтың «Сын полка» романдары бойынша спектакльдері қойылып және репертуардан ешқашан алынып көрген емес.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдары еліміздің Тың өлкесіне айналуы тарихымызда елеулі оқиға болды, бұл ел тарихындағы ұлы жаңалық театр репертуарына әсер етпей қалмады. Осы уақытта ауыл жастары тақырыбына арналған А.Салынский, А. Сафронов, А. Арбузов, В. Розов пьесалары, сондай-ақ жерлесіміз В. Ирхиннің, Я. Г. Панджаридидің қойылымындағы «Это же наша земля, братцы» пьесасы қойылды. Біздің театр М. Шолоховтың «Поднятая целина» романын назардан тыс қалдыра алмады. Соғыстың алғашқы жылдарында эвакуацияда Шолоховтар отбасының Дарьинск ауылына келуіне негіз болды, ал М.А.Шолохов жасыл желекті өлкемізді бірден жақсы көрді. Осы өлкеде ол Нобель сыйлығын беру туралы хабарды да алған болатын. М. Шолохов көптеген жылдар бойы облысқа келген уақыттарында, театр көрермендерінің алдына шығып, сөз сөйлеп кетуге қашан да уақыт тауып, құрмет көрсететін.
Театр тарихында облыс театрларының жазғы гастрольдерін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Ауылдық жерлерге үнемі барып қойлымдар сахналанатын, ал тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында ауылдық дала лагерлері сахналық алаңдарға айналды. Бұл дәстүр тұрақты болды, ауыл тұрғындары Орал орыс драма театрын жақсы көрді және әрдайым күтті, барлық жерде ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері толтырылды. Театр ұжымы гастрольдік сапар кезінде облысымыздың ауылдық жерлеріне ғана емес, одан тыс жерлерге де барды. Қазақстанның көрші облыстарында, сондай-ақ бұрынғы КСРО шегінде гастрольдік сапармен болды. Театр ұжымы Доссор мен Макаттың мұнайшылары, Орал — Каспий балықшылары, Индер кеншілері, Ақтөбе мен Орынбор облысының тұрғындары, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Маңғышлақ, сондай-ақ Астрахань, Грозный, Куйбышев (қазіргі Самара), Новороссийск, Владикавказ, Махачкалы, Саратов, Энгельс, Волгоград, Мичуринск, Тамбов, Барнаул, Донецк, Ужгород, Херсон, Черкасс, Николаева, ровно, Ивано-Франковск, Хмельницкий және Кеңес Одағының басқа қалаларына барып, труппамен өнер көрсетті. Ресейдің көрші қалаларымен тығыз, достық қарым-қатынас орнады. Мысалы, бірнеше жыл бойы оралдық драма театрының үздік спектакльдері Орынбор теледидарында көрсетілді.
1960 жылы театрға орыс драматургі А.Н.Островскийдің есімі берілді. Театр қойылымдары бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болды: драма театрларының бірінші және екінші республикалық байқауларының лауреаты, «Белый лотос» спектаклі КСРО Мәдениет министрлігінің бұйрығымен, ал Б.Нушичтің «Доктор философии», Цао Юяның «Тайфун» және жергілікті автор В. Генкенің «80 дней» қойылымы лауреат атанды және дипломдармен марапатталды. Республикалық байқаулардың лауреат атақтарына және дипломдарына театр директоры Н.К. Ангаров, бас суретші Б. М. Астахов, артисттер — Г.Е. Чумак, П.И. Строганов, В.Т.Попов, Е. С. Володарская ие болды.
Театрымыз КСРО құрылғанына 60 жыл толуына орай Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша 1982 жылы театр КСРО Мәдениет министрлігі мен мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 1986 жылы дәл осындай деңгейдегі жарыста біздің театр екінші орынға ие болды.
Оралдықтарды әр уақытта ҚазССР еңбек сіңірген артисттері Л. Н. Протасов, П.И. Строганов, В.Т. Попов, Қазақ КСР Халық артисі Николай Ангаров, ҚазССР халық артисі Е.С. Володарская, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі З.Н. Акимова, РСФСР еңбек сіңірген артисі П. Поддубный, артисттер Г. Е. Чумак, В. Хамцова, С. Ф. Даров, В. М. Нечаев, К. С. Тавлинская және басқалары өз өнерлерімен қуантты. Шығармашылық ғұмырының көп жылын театрға арнаған ардагерлер қатарында — Чуваш АССР еңбек сіңірген артисі Р.Е. Капитонова, ҚР Халық артисі Л. Н. Ванюкова, ҚР Еңбек сіңірген артисі В. Я. Попов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. М.Столярова, Л.С.Муха, В.Кравцов, В.Шатилов, В.Рушковский, Т.Мельник, В. Саулов, Н. Барковская, Ю. Андрухович, Р. Курбангалеева, труппа меңгерушілері Н. Н. Науменко және ҚР Мәдениет қайраткері И.Г. Таранов, бутафор Б.П.Гуськов, суретшілер В. Дубовиченко және В. Зубарев, реквизитор Н.К. Зарифова және басқалары.
1971 жылы кәсіби білікті режиссер Ян Панджариди театрға қызметке келді, Оның келуімен театр репертуары толығып, дарынды режиссердің бастамасымен көптеген қойылымдар ерекше жанрда қойылып, жан-жақты өнерлі, білікті режиссер көрерменнің де, ұжымның да көңілінен шыға білді, Островский, Горький, Чехов, қазақ классиктерін, Орал жазушылары мен драматургтерінің үздік шығармалары бойынша қойылымдар жаңғыртылды, ал өзі театр репертуарында 200-ден астам ролдер сомдады, «Зрелость» пьесасын және 12 әнге арналған өлең сөздерін жазды.
Бүкіл ел үшін күрделі кезең «қайта құруда» 90-шы жылдары театр кездескен бар қиындыққа қарамастан труппасын сақтап қалды. Сол жылдары театр труппасына жас, болашағы зор актерлер — Сергей Попов пен Марат Курбангалеевтің жетекшілігімен театр жанындағы театр студиясының түлектері кірді. Олардың арасында Насим Мамедов, Оксана Малуша, Марк Ларин, Илья Таранов, Инна Виноградова, Виталий Котельников, Максим Немчинов, Андрей Тяпкин және т. б. бар. Театр олардың көпшілігіне Самара мемлекеттік мәдениет және өнер Академиясында жоғары кәсіби білім алуға көмектесті. Барлық күш-жігер жақсы жұмсалды-қазіргі уақытта олар труппаның негізгі тірегі болып табылады. 2000-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін театрға жас ұрпақ еніп келеді. Труппаның жас буыны № 1 балалар музыкалық мектебінің театр бөлімінің «Волшебная рампа» балалар театр студиясының түлектері мен тәрбиеленушілерінен құрылды. Д. Нұрпейісова (көркемдік жетекшісі Малуша О.М., педагогтар — Ларин М.Ю., Джумахметов Р.Б.), сондай-ақ, Самара мемлекеттік мәдениет институтының түлектері — Копеечкина Н.В., Будаева(Ковалева) М.А., Каландарова С.Ю. және т. б.